Карантин талаптары сақталуда
Майқұдықтағы №141,142 сайлау учаскелерінде де де саулаушылардың қарасы қалың. Мектептің кіреберісінің екі жақ бөлігі екі учаскеге бөлініп, ыңғайлы етіп жасалған. Карантин талаптары толық сақталуда. Дене қызуы өлшенбей, бетперде тақпай учаскеге кірмейсіз.
Арақашықтық сақталып, бюлетеньдерді толтыру, жәшікке салу тәртібі барлық тұрғынға нақты түсіндірілуде. Барлық жұмыс сайлау ереже бойынша жүруде.
Сайлауды екі учаскеде де 10 адамнан бақылаушылар қадағалап отыр. Олар түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардан арнайы келген.
— Біз таңғы сағат 5:30-дан осындамыз. Барлығын өз көзімізбен көріп отырмыз. Заңбұзушылық жоқ. Тұрғындар келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Мен Қазақстан Халық партиясынан келдім, 2 дейді бақылаушы Тойбек Төкенұлы.
№76 орта мектепте орналасқан бұл сайлау учаскелерінің жұмысын мектеп директоры Мартбек Күзембаев бастаған ұжым жұмыла атқаруда.
Жәлел ШАЛҚАР.