Карантин кезінде дәрі-дәрмекке рецепті қалай алуға болады?
Өмірлік қажетті дәрі-дәрмекке жеңілдік рецептінің мерзімі өтіп кетті. Не істеу керек?
Егер сіз созылмалы аурудан зардап шегетін болсаңыз және ұзақ уақыт бойы осы дәрі-дәрмекті қабылдасаңыз, учаскелік дәрігеріңізбен хабарласып, жаңа рецептке тапсырыс беріңіз. Рецепт “Damumed” мобильді қосымшасына, дәріханаларға (КМАЖ-да жұмыс істейтін) электрондық түрде, сондай-ақ пациенттің WhatsApp нөміріне жіберілуі мүмкін. Сол бойынша сіз дәріханадан қажетті дәріні аласыз. Егер, дәріхана үйіңізден алыс болса, онда волонтерлер көмегіне жүгінуге болады. Еріктілердің облыстық штабының телефоны: 8-701-339-37-33.
Жоспарлы операцияларға қатысты жағдай қалай болмақ?
Жоспарлы операциялар тоқтатылды. Шұғыл жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет. Сондай-ақ, жеке көлікпен медициналық мекемеге баруға рұқсат етіледі.
Бала құлағының ауырғанына шағымданады. Отит болуы мүмкін. Жағдайды дұрыс бағалау және өзін-өзі емдемеу үшін емханада дәрігерінің кеңесі қажет. Оны қалай жасауға болады?
Сіздің учаскелік дәрігеріңізбен хабарласыңыз және баланы үйде тексеру туралы келісіңіз. Емханаға өзіңіз барудың қажеті жоқ.