Қарағанды қаласында Kaspi.kz қолдауымен ШОБ-ке арналған тренинг өтті
Қарағанды қаласында Kaspi.kz қазақстандық жетекші инновациялық компаниясының қолдауымен ШОБ-ке арналған тренинг өтті. Іскерлік кездесу қатысушылары салық сарапшылары мен мемлекеттік органдарға салық салу және табысты декларациялау бойынша сұрақтарын қойды.
Жаңа Салық кодексі туралы 100 бухгалтер, кәсіпкер, компания директорлары егжей-тегжейлі білуге келді. Көпшілігі сұрақтарын алдын-ала дайындаған. Әр сұраққа нақты мысалдармен жауап беріліп, талқылауға ұсынылды.
Семинардың бас спикері – белгілі салық кеңесшісі Екатерина Ким. Салық сарапшысының Nalogialmaty Instagram-аккаунтына 1,6 миллион адам жазылған.
– Кәсіпкерлер мен бухгалтерлер негізінен ставкалардың өсуі мәселесіне қызығушылық танытуда – бұл нөмірі бірінші мәселе. Сондай-ақ, салық әкімшілендіруі бар. Адамдарды салық тексерулері де толғандырады. Үш жыл демалдық, енді олар міндетті болады. Бізде әлі күнге жалпыға ортақ декларацияның енгізілуі жалғасуда.
Біз Kaspi.kz компаниясына қолдағаны үшін өте ризамыз. Қазір біз Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, тегін шаралар өткізіп жатырмыз. Адамдардың барлығы өздерін қалай қорғау керектігін және декларацияны қалай дұрыс тапсыру керектігін білсе дейміз. Бизнесті мүмкіндігінше қорғау үшін бәрін жасағымыз келеді, – дейді салық бойынша сарапшы Екатерина Ким.
Валерия Григорьева шамамен бес жыл бойы әртүрлі тауарларды: азық-түліктен құрылыс материалдарына дейін тасымалдаумен айналысады. Семинар туралы әлеуметтік желілерден білді. Келді және өкінбеді.
– Мен жаңа салық кодексі туралы білгім келді. Жаңа ережелер туралы тыңдағым келді. Бізге қатысты қандай өзгерістер бар? Пайдалы ақпарат өте көп болды. Енді тіпті шағын бизнеске бухгалтерлер керек болатыны түсінікті болды. Бұл оңай болмайды. Есеп беруді одан әрі мұқият қадағалау керек. Яғни ақпарат өте кең көлемде берілді, сондай-ақ салық органы да мұнда өз жауаптарын береді, – дейді тасымалдау және экспедиция компаниясының директоры Валерия Григорьева.
Кәсіпкерлердің көпшілігі айыппұлдан қалай құтылуға, тәуекелдерді азайтуға, шығындарды азайтуға болатындығын білгісі келді. Сарапшылар әрбір тақырыпты толық талқылады.
– Түсіндіру жұмыстарын жүргізу – бұл жеке бизнесті қоса отырып, барлығымыз талқылауға белсенді қатысып жатқанымызды білдіреді. Біз айтамыз және бізді естиді. Мұндай шаралар Kaspi.kz қолдауымен өткізіледі, бұл өте маңызды, өйткені жаңа салық кодексі туралы сұрақтар өте көп. Қазір бұл белсенді талқылануда, қарастырылуда. Камералық бақылау, жоспардан тыс тексерулер, жоспарлы тексерулер, жалпы салықтық даулар, салық әкімшілендіруімен байланысты барлық мәселелер. Адамдарда көп сұрақтар бар. Сондықтан мұндай кездесулерді өткізудің өмірлік маңызы бар, – дейді салық кеңесшісі Айжан Балакешова.
Жиналғандар салық органының өкілдеріне де сұрақтарын қойды. Мемлекеттік кірістер басқармасының аудандық басқармасының мамандары да талқылауға белсенді қатысты.
– Мұнда жалпыға ортақ декларациялау туралы сұрақтар қойылды. Егер толтыру, осы есепті жіберу бойынша сұрақтар туындаса, біздің МКБ-де тікелей жеке тұлғалармен жұмыс істейтін бөлім бар, ол жалпыға ортақ декларациялау мәселесімен айналысады. Мамандар көмектесіп, 250 үлгіні толтыруға қатысты барлығын түсіндіреді. Қазір біздің бухгалтерлер, кәсіпкерлер өте сауатты. Барлығы өздігінен ұсынады, – дейді Казыбек би ауданы МКБ жеке тұлғалармен жұмыс бөлімнің басшысы Айнұр Жангелдинова.
Бұған дейдін мұндай семинарлар Шымкент, Алматы қаллары мен Алматы облысында және Жетысу облысында өткен. Ал маусым айының соңында Астанада Kaspi.kz қолдауымен ең ірі Салық форумы өтті. Оған мың адам офлайн, 2,5 мың адам онлайн қатысты, Қаржы вице-министрі, ҰЭМ Салықтық және кедендік саясат департаментінің директоры, МКК төрағасының орынбасары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
ШОБ-ке арналған білім беру жобасы алдағы уақытта да жалғасып, елдің барлық аймақтарын қамтиды.
160