Кафканың қуанышы
Франц Кафка, австриялық жазушы, ХХ ғасырдың ұлы құбылысы өлім ауызында жатып, досы Бордқа өзінің осы күнге дейінгі жазған барлық дерлік қолжазбаларын өртеуге бұйырады. Бірақ Франц қайтқан күннен кейін, Борд досының сөзін құп алмай, уәдесін бұзып, оның қолжазбаларын жарыққа шығаруға бел буады. Шығарады да.
Кафка өз заманының ең қу жазушысы болуы мүмкін, қалай дегенмен де ол өзін алдауға жол бермеді. Өзі қатаралас жазушыларға қарағанда, «жазушылық» ол талпынған дүние болды. Ол өзін ешуақытта жазушы санамаған. Тіпті жазғандарына мүлде көңілі толмағанын айтыңыз. Әдебиет және ол қалаған нәрсе өзі ойлағандай ләззат сыйлай алмады. Бірақ ол жазуды еш тоқтатқан емес. Талпынуды да. Былай айтқанда, әдебиет оның көңілінен шықпады деген сөз емес. Ол үшін әдебиет, Моисейдің «жұмақ жерді» іздегеніндей болды. Бізше Асан Қайғының «Жер ұйығы».
Кафка Моисей жайлы: « Оның тек өлер алдында ғана «жер жұмағын» көруі ақылға сиымсыз. Мұндағы жалғыз, нақты мағына: адам өмірінің қас қағым сәтпен тең екенін көрсетеді емес пе? Бұл өмір (Моисейдің жұмақты іздеуі) тым шексіз созылуы мүмкін, бірақ қас қағым сәтте аяқталар еді. Моисей Хананға оның өмірі тым қысқа болған соң бара алмады деуге келмейді, адамның өмірі болған соң да жете алмады» Бұл адам мақсаттарының уақыт кеңістігімен өлшенетінін, бірақ ол уақыт шексіз еместігін түсіндіреді. Әлбетте, біз адам өмірі жайлы айтпақшымыз ғой.
Кафка өз ойын ашық айтуға ұмтылған сәтте, ол қиял тұрғысынан ойдан шығарылған дүниелерге бет бұрды. Бірақ әр сөзіңде бір құпия болды (Шығармаларында орасан зор құрылымдар салды, сөздер логикалық ойға қонымсыз, бірінің үстіне бірі шығып, оқырманды алдауға, не адастыруға бейім тұрғандай. Тіпті соның барлығы автордың өзіне қаратылып тұрған әсер қалдырады-мыс). Жоқ нәрсені бар қылып көрсететін немесе сәл нақтылаудың әсерінен көрініп үлгермей жоғалатын дүниелері бар әдеби шығармадан бір бәлендей мағына іздеу тіпті де мүмкін емес. Кафка өз бетінше өмір сүру туралы жазбайды, керісінше ондай өмірдің тым іш пыстырарлық екенін көрсетеді. «Құбылу» және «Сарай» романдарында эротизм махаббаттан, ынтықтықтан айырылған. Бұл бос эротизм, және бұдан қалайда қашу керектігін айтады . Бірақ 1922 жылы ол «Күнделігінде» былай деп жазады: «Мен көңілім тоқ кезде де қанағаттанбауды тіледім. Осы соңғы жүз жылдықтағы дәстүрлі әдістердің барлығымен мен қанағаттанбау сезіміне тереңдей енгім келді. Енді мен қазіргі емес бұрынғы кейіпіме қайта оралсам ба деймін. Мен қанағаттанбағаным үшін де қанағаттанбадым. Бұның барлығы да балалар ойынан басталды. Мысалы, мен бетімнің жыбырлап тұрғанын елестеттім немесе қолымды басыма қойып серуендедім – жиіркенішті балалық. Бірақ бұл жауапсыз қалмады. Осының әсерінен менің әдебиеттегі сөз қолдануым дамыды, өкініштісі, ол кейін мені тастап кетті. Егерде бақытсыздықты қолдан келтіруге болатын болса, онда міндетті түрде солай ісету керек», және тағы бір, бірақ күні белгісіз жазбасында: «Мен жеңіспен шөлімді баспаймын, мені күрес қызықтырмайды. Ол маған жасауға тиісті жалғыз нәрсе ретінде ғана қуаныш сыйлауы мүмкін. Күрес менің мүмкіндіктерімді асырып, менің өзімді көрсету жолымда аса үлкен қуаныш сыйлай алады, алайда соңында мен күреске емес, қуанышқа көп көңіл бөлмекпін».Ол өзінің бақытсыз болғанын қалады. Ол бақытсыздық арқылы қанағаттандырылуға ұмтылды. Және сол бақытсыздықта кішкентай қуаныштың барына сенді, өзінің айтуынша сондай қуаныштан өліп те кетер еді.
Оның ең қызықты әңгімесінің бірі «Қаулы» («Приговор», нашар аудармам үшін кешірім сұраймын) еді.
«Бұл әңгіме былай өрбиді, – дейді Карруж бір жазбасында, – Бір жас бала әкесімен досының кесірінен сөзге келіп қалады, сол жас бала кейін өзіне қол жұмсайды.Әкесі мен бала арасындағы ұзақ келіспеушілік ұрыстан кейін автор бізге поэтикалық бірнеше жолдармен сол баланың өлімін суреттейді: «Қашадан жүгіріп шыққан бала көшені кесіп өтіп, тамаққа ашыққан баладай өзенге бет алады. Алдында тұрған темір-бөгеттің бір шетінен ұстап секіреді. Ата-анасының бақытына орай, ол бала гимнаст болатын. Міне, әлсіреп бара жатқан қолымен ұстанып, құлағанда дымын білдірмейтін автобустың өткенін күтеді де: «Ана, әке, мен сіздерді бәрі-бір де қатты сүйгенмін» – деп қолын босатады. Ол кезде көшеде көлік көп еді.»
Георг Бендаманның өлімі Кафкаға – оның егізіне – үлкен ләззат сыйлады. Ол өзіндік құбылыстардың ешқашан да ештеңеге бағынбайтынын көрсеткісі келген сияқты. Әйтпесе онда құлдық мағына жатпайды ма? Істің соңы мен оның нәтижесін, үнемі біреудің айтқанымен жүріп, күтіп өтесің. Ал оның өлімі белгісіз, мақсатсыз іс-әрекетті, өлім арқылы ләззат сыйлады.
Мишел Карруж соңғы сөйлемнің поэтикалық құндылығын тіпті де жәй шиеліністірмейді. Кафканың өзі Макс Бродпен әңгімесінде бұл жайлы тіпті басқа пікір білдіреді: « Сен білесің бе?..- деді ол, – Бұл сөйлемнің не мағына беретінін? Мен осыны жазып отырғанымда екі жақты қанағаттандырылу жайлы ойладым» дейді.
Мұндай керемет сөзден кейін мүмкін эротизмнің оқиғасын немесе әкесі екеуінің арасындағы ұрыс-керістен кейін өлімге ұтылып қалуын нақты айқындауына болар еді. Білмеймін, бірақ жаңағы сөздерден кейін қуанышқа деген әмірдің, ештеңелікке өтуін көрсететін секілді. Ал сол ештеңе автор үшін қалғанының бәрі болғанында ескермеске болмас. Қуанышқа деген үстемдіктің өліммен төленетінін де білгеніміз жөн. Бақытсыздық әсте тек жаза емес. Георг Бендаманның өлімі Кафкаға – оның егізіне – үлкен ләззат сыйлады. Ол өзіндік құбылыстардың ешқашан да ештеңеге бағынбайтынын көрсеткісі келген сияқты. Әйтпесе онда құлдық мағына жатпайды ма? Істің соңы мен оның нәтижесін, үнемі біреудің айтқанымен жүріп, күтіп өтесің. Ал оның өлімі белгісіз, мақсатсыз іс-әрекетті, өлім арқылы ләззат сыйлады.
Барлығы айтылды. Ұшқын, ләззаттылық эротизмде ғана болмады. Эротизм болғанның өзінде, ол тек шым-шытырықты шиеленістіру үшін ғана. Кафканың бала күніндегідей, бақытсыздықты шақыру үшін бетін жыбырлатады емес пе. Бақытсыздық пен күнәның ішінде күрес басынан бар; ал егер бақытсыздықтың құрбаны өз бетімен бақытсыздыққа келген адам болса, онда оны нәтиже қызықтырмайды. Кафкада қуаныштың көптігі соншалық, ол күрестен емес, қуаныштан өлімді күтеді…
Түсіндіру үшін емес, түсінгім келгендіктен жаздым. Бордтың Кафка қолжазбаларын өртемеуінің, уәдесінде тұрмауының арқасында ХХ ғасыр әдебиетіне үлкен үлес қоса алуында нендей құдірет жатыр? Ешкім түсінбеген Кафканы, біз неге сүйіп һәм сол мезетте түсінбей оқимыз? Ал оны сол кезде Борд қана түсінді ме екен?
Мен бұл мақаламды Кафканың өмірі мен шығармашылығын аударып тастадым немесе бәлендей баға беріп тастадым деп айта алмаймын. Тырыспаймын да. Оның неге соншалық бақытсыздыққа құмарлығын, және өзінің айтуынша, түкке тұрғысыз туындыларын өртегісі келгенін түсіне алмағаннан жаздым. Неге Кафка өртемекші болған туындылар, кейінгі неше ұлы жазушыларды оқытып үлгерді? Камью, Гарсиа Маркестерді алайық. Неге? Түсіндіру үшін емес, түсінгім келгендіктен жаздым. Бордтың Кафка қолжазбаларын өртемеуінің, уәдесінде тұрмауының арқасында ХХ ғасыр әдебиетіне үлкен үлес қоса алуында нендей құдірет жатыр? Ешкім түсінбеген Кафканы, біз неге сүйіп һәм сол мезетте түсінбей оқимыз? Ал оны сол кезде Борд қана түсінді ме екен? Мақаламды сұрақпен бітіргенім дұрыс шығар…
(Мақалада Жорж Батайдың еңбегіндегі мәліметтер мен Кафканың хаттары мен күнделік деректері пайдаланылды).
Абзал СҮЛЕЙМЕН,
жазушы