АймақБас тақырыпҚарағанды

Кадеттерге аттестат табысталды

Аймақтағы Қарулы күштер ардагерлері, офицерлер, әскери қызметкерлер, жас сарбаздар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік салтанатқа қатысты.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Еліміздің батырлары, Қазақстанның халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада сондай-ақ “Жас Сарбаз” кадет сыныптарының түлектеріне аттестат  табысталды.

Сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын жиналғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

– Барлығыңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Бұл мерекенің әрқайсымыздың өмірімізде алатын орны ерекше. Себебі, ат жалын тартып мінген әрбір азамат үшін Отан қорғаудан артық қасиетті іс жоқ. Кешегі қазақтың қатпарлы тарихында батыр бабаларымыз елімізді өзінің ерлігімен, бірлігімен, қаһармандығымен қорғап қалды. Ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Ерлеріміздің есімі ешуақытта есімізден шықпақ емес. Отанымыздың Қарулы Күштерінің құрылғанын үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіремін, – деп атап өтті Ерлан Құсайын.

Жиында республикадағы су тасқыны болып жатқан мекендерде, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып “Біз біргеміз” акциясына ат салысып жүрген волонтерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Аяулым Совет,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button