Жаңалықтар

Күзетші

   25 наурыз күні белгілі кәсіпкер Ерлан ӘШІМ қазақ тілі һақында болған оқиғаны фейсбуктегі өз парақшасында жария етті.

Оның айтуынша, Парижден келген Гүлшах Есдавокт есімді қонақтың банкіге барып, орыс тілін білмейтіндігін айтып мемлекеттік тілде қызмет көрсетуін сұраған. Қазақ тілінде жетік сөйлеген шетелден келген қонаққа, сол жерде тұрғандар таңданысын білдіріпті. Бұл жағдайды сырттай бақылаған банкінің күзетшісі шетелдікті соңынан көлікке дейін қуып барып бір парақ қағаз ұстатыпты. Қағазды қолына ұстатқан күзетшінің көзінде жас тұрғандығын Гүлшах тілге тиек еткен. Ерлан Әшім күзетшінің жазбасының көшірмесін парақшасына қосымша салыпты.

Бүйрек-бұрдырған жазбада: «Кім болсаңыз да ырзамын сізге. Өз ішімізде қазақ бола тұра қазақша сөйлегісі келмейтін, білсе де білгісі келмейтін Малғұн, Мақұлық қазақтар аз емес. Сіз олардың жанында теңдесі жоқ алтынсыз. Kazkom 24/03/2017» – деп жазылған.

Оқи отырып біздіңде көзге жас тұнды. Көптің ішінен оза шыққан намысшыл қазақтың бар екеніне іштей қуанып, жанымыз жарылқанды. Күзетшінің ішкі әлеміндегі жүріп жатқан майданды сезіндім. Сол сәтте найзағай ой санасында жарқ еткен жігіт ағасы бұйығылау тұрған қиялды оятты. Оның жүрегін тырнаған, тынышын ұрлаған сөз дерті еді. Сөздің иесі де, киесі де – қазақ. Өз тіліне өгейлік көрсеткендерге текетірес тудырды. Өйткені тіл жанашыры тіл жоғалса тірлігінің бар базары тарқайтынын жақсы біледі. Ол, өмірде өзгеше еш нәрсе жасауға талпынбайтын қара қамын ғана қанағат тұтар, тасбауыр, өзімшіл дүбәрә пенделердің қатарынан емес. Өзін-өзі ерте тани білген азамат. Отанын сүйген адам шын жылай алады. Көзінен тамған күміс жас, ойлы көздің жасы еді…

Кеудедегі шері лықсып шыққан азамат осы әркетімен-ақ, өмір жолы тапталмаған, басталмаған ұрпаққа үлгі қылар іс жасағаны анық. Мен күзетшіні «KAZKOM» банкінің емес, қазақ тілінің күзетшісіне баладым.

Нұрдос КӘРІМ

Сурет Ерлан Әшімнің парақшасынан алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button