Бас тақырыпБасты тақырып

Күзде пойыз билеттері 40%-ға арзандайды

Қазақстанда теміржол жолаушылары үшін арнайы күзгі акция басталды. Енді жолаушылар 2025 жылғы 22 қыркүйектен 23 қазанға дейін белгілі бағыттарға билеттерді 20%-дан 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Сурет https://tengrinews.kz

Атап айтсақ, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздарға жеңілдік қарастырылған. Олар: 

  • №9/10 «Астана – Алматы» (отырғыш вагон, 2С) – жеңілдік: 40%
  • №65/66 «Астана – Жезқазған» (турист, 2Д) – жеңілдік: 25% купеге
  • №67/68 «Астана – Өскемен» (турист, 2Д) – жеңілдік: 30% жоғарғы сөрелерге
  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау» (купе, 2К) – жеңілдік: 25% жоғарғы сөрелерге
  • №351/352 «Алматы – Өскемен» (купе: 2К, 2Л, 2У) – жеңілдік: 30% жоғарғы сөрелерге
  • №691/692 «Атырау – Ақтөбе» (купе: 2К, 2Л, 2У) – жеңілдік: 20% жоғарғы сөрелерге

Күн сайын жүретін пойыз:

  • №11/12 «Алматы – Шымкент» (турист, 2Д) – жеңілдік: 25% купеге

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz сайтынан немесе жолаушылар бекеттеріндегі кассалардан алуға болады. Билеттер пойыз жолға шығуына дейін 45 күннен 10 күнге дейінгі аралықта сатылады.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button