АймақБұқар жырау

Кәусар – республикалық байқаудың жеңімпазы

Бұқар жырау ауданындағы Доскей аулының жас өнерпазы Кәусар Ерғазиева Астана қаласында Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығына арналған “Домбырамен өрілген жыр” республикалық байқауында жүлделі бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Бұл байқауда Кәусар Ілияс ақынның “Домбыра” өлеңіне композитор Серікжан Әбдінұров жазған әнді шеберлікпен орындап, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Доскей ауылдық клубының “До мажор” вокалдық үйірмесіне қатысып жүрген жас әншіні бұл республикалық сынға жетекшісі Дариға Рақымқызы дайындап, үкілеп қосқан болатын.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button