АймақЖаңалықтар

Кәсіпорын тонаған жасөспірім ұсталды

Қарағанды полицейлеріне қаладағы кәсіпорындардың бірінен белгісіз біреу цех терезесінен кіріп, жылу алмастырғыш конденсаторды ұрлап кеткені туралы хабарлама түседі. Келтірілген шығын 3 миллион теңгені құраған.

Сурет:bst.bratsk.ru

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 14 жасар жасөспірімді ұстады. Ол кінәсін мойындап, одан айғақты заттар тәркіленді. Жасөспірімнің ата-анасына ұлды тәрбиелеудегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button