Кәсіподақтар – еңбек етушілердің заңды құқықтары мен өмірлік мүдделерін лайықты қорғайтын негізгі элемент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» үлкен тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Ол – Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдық және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 35 жылдық мерейтойы.

Әлеуметтік серіктестікті белсенді жүзеге асырып, еңбек мамандықтарының беделін арттыруға, еңбекті құрметтеуге, еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғауға және қызметкерлер мен олардың отбасының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жиынтығын қамтитын облыстық жоспар бекітіліп, жүзеге асырылуда. Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының бастауы 1905 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында орналасқан Өспен мыс кен орнындағы жұмысшылар мен қызметкерлер Одағының құрылуымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда Қарағанды және Ұлытау облыстарында құрамында 163 689 астам адам біріктірілген 1 229 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Еңбеккерлердің еңбек құқығын қорғау саласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы құрамына кіретін 15 салалық кәсіподақ ұйымы бар
Еңбеккерлердің мүддесін кемсітуге жол бермей, ақылға қонымды компромистер табуға және бизнестің тұрақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы диалогтың негізгі құралы – кәсіподақтар. Кәсіподақтар жұмысының маңыздылығы ерекше. Атап айтсақ, мықты кәсіподақ – тұрақтылықтың, қызметкерлер ынтасының және табысты экономика кепілі.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы және оның мүшелік ұйымдары өз ұстанымдарын Халықаралық аренада да нығайтуда. Мысалы, 2024 жылдың қыркүйегінде федерация алғаш рет өзінің Орталық кеңсесінде Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоны қабылдады. Тараптар әділ еңбек қағидаларын ілгерілетуге қатысты жол картасына қол қойды. Биыл Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXVII съезі өтті. Бұл – еліміздегі кәсіподақ қозғалысының ең жоғары органы. Оған Қазақстанның барлық өңірінен келген 300-ден астам қатысушы, салалық кәсіп-
одақтар, әлеуметтік серіктестер, халықаралық сарапшылар және шамамен 40 елдің ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары қатысты
XXVII съезд аясында Сатыбалды Даулеталин Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы қызметіне бірауыздан қайта сайланды. Бұл съездің ең маңызды сәті болды.
Бұл шешім – делегаттардың қазіргі басшылыққа жоғары сенімінің және оның басқаруымен атқарылған жұмыстың нәтижелерін мойындауының белгісі. Съезге қатысушылар еңбеккерлердің құқықтарын қорғауға, әлеуметтік серіктестікті дамытуға және кәсіподақ қозғалысын модернизациялауға бағытталған саясаттың жүйелілігі мен тиімділігін, елдің әлеуметтік-саяси өмірінде кәсіподақтардыңрөлін күшейтуге және Қазақстандағы ең ірі кәсіподақ бірлестігін одан әрі нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың тиімділігін атап өтті.
2025 жылы кәсіподақтың бастапқы буынына қолдау көрсету және еңбек ұжымдарымен «кері байланыс» жүйесін қалыптастыру мақсатында, кеншілер өлкесінде «Жағдайың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы жалғасын тапты. Бұл – кәсіподақ мүшелеріне Федерация басшылығының, Парламент депутаттарының, мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қарағанды облысында «Жағдайың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 43 кездесу өткізілді. Оның бесеуі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының басшылығының қатысуымен, 38-і өңірлік деңгейде ұйымдастырылды. Жалпы, қатысушылар саны – 1780 адам. Тау-кен металлургия саласында алдыңғы технологияларды енгізуді ескере отырып, негізгі құралдарды кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі өте өзекті және тұрақты бақылауда. Сондай-ақ, мемлекет-
тік медициналық мекемелердің (орта және кіші медициналық персонал) қызметкерлерінің жалақысын көтеру және жалпы білім беру мекемелерінің кітапханашы, бухгалтер және техникалық қызметкерлерінің жалақысын арттыруға қатысты 2 мәселе де тұрақты күн тәртібінде.
Тау-кен металлургия саласының, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және теміржол көлігі салаларының қызметкерлері көтеріп отырған негізгі мәселелер – зиянды және қауіпті
еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әділ зейнетке шығу жасын белгілеу, ауыр және қауіпті еңбек жағдайларында денсаулығын жоғалтқан жұмысшыларды әлеуметтік қолдау және
Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде, регрессшілер мен мүгедектерге әлеуметтік төлемдер бойынша өзгерістер енгізу мәселелеріне қатысты.
Өңірлік деңгейде бастапқы кәсіподақтар ұйымдарын құру және олардың қызметі, құқықтық көмек, ұжымдық шарттар, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекті қорғау, өндірістік кеңес, әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыс уақыты, ауысымдық кезеңді қысқарту, қашықтан жұмыс режимі,
қызметкерлерді тасымалдау және тағы басқа мәселелер әлі де өзекті.
Өткен жылдың мамыр айында әлеуметтік маңызы бар құжат – Қарағанды облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері (қызметкерлер мен жұмыс берушілердің ассоциациялары мен одақтары) арасында 2024-2026 жылдарға арналған облыстық келісімге қол қойылды. Облыстың кәсіподақ орталығы оған «Әділ еңбек жағдайлары және еңбекақы» атты жаңа бөлімді қосу туралы ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ орталығы «Қорғау» көмір жұмысшылары кәсіподағының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен пайыздық қатынаста анықталатын аралас жауапкершілік ұғымын алып тастау жөніндегі бастамасын қолдады. Қазіргі таңда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру барысында жұмысшылардың кінәсі есепке алынбайды.
Бұрынырақ, кәсіподақтар федерациясы еңбек қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз ету, өндірістік қуаттарды жаңарту, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша талаптардың орындамауына қатысты заңнамалық жауапкершілігін күшейту, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге әділ зейнет жасын белгілеу мәселелерін шұғыл шешу туралы бірнеше рет ұсыныстар жасаған болатын. 2023 жылдан бастап, Қарағанды облыстық мәслихатында, жергілікті өкілетті органдар қабылдайтын мәселелер мен актілерді қарау барысында қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын «Еңбек» депутаттық тобы жұмыс істеп келеді.
2025 жылдың өткен кезеңінде Қарағанды облысында өндірістік жарақаттану бойынша 61 жағдай тіркелген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға аз (66 жағдай). Зақымданушылар саны 2024 жылғы 79-дан 2025 жылы 61-ге, яғни, 22,7%-ға төмендеді.
2025 жылдың өткен кезеңінің нәтижелерімен салыстырғанда жарақаттану деңгейінің төмендеуінің тұрақты үрдіске айналғанын көрсетеді. Бұл – өңірдегі кәсіпорындарда өндірістік қауіпсіздік деңгейінің және алдын алу шараларының тиімділігінің артқандығының айғағы. Өңірдегі ұйымдар мен кәсіпорындарда 793 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Онда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 1018 қоғамдық кәсіподақ инспекторы еңбек етуде. Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестігі және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссиясының белсенді жұмысының нәтижесінде, өңірде еңбеккерлердің әл-ауқаты мен еңбек нарығының тұрақтылығына тікелей әсер ететін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді уақытылы көтеріп, ұтымды шешуге мүмкіндік туады. Облыс әкімдігі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы, Мәжіліс Парламентіндегі «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының және облыстық мәслихаттағы «Еңбек» депутаттық тобының қолдауымен, сондай-ақ, «QARMET» АҚ мүгедектер-регрессшілерінің қоғамдық бірлестігінің белсенді қатысуымен кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттармен күресте маңызды рөл атқаратын еңбек гигиенасы және кәсіби аурулардың Ұлттық Орталықтың жеке мәртебесі қайта қалпына келтірілді.
Аталған орталықтың базасында шахтер, металлург және зиянды да қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтін басқа да мамандардың денсаулығын жүйелі сауықтыру және оңалту ұйымдастырылды.
Орталық кәсіби аурулардың алдын алу, еңбеккерлердің денсаулығын қалпына келтіру, сондай-ақ, өнеркәсіп саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғау деңгейін арттыратын маңызды алаң болуы тиіс. Ұлттық Орталық мәртебесінің қайта қайтарылуы – әділеттілікке, жұмысшылардың денсаулығына деген қамқорлыққа және олардың көпжылдық адал еңбегіне бағытталған маңызды қадам. Әлеуметтік серіктестіктің қалыптасқан орынды жүйесінің арқасында өңір тұрғындарының еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктер саласындағы маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік бар. Кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын нығайту және демалысын қамтамасыз ету мақсатында, 2023 жылы облыста санаторий мен демалыс үйіне жолдаманы беретін бірыңғай туроператордың жұмысы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, 12 700-ден астам қазақстандық арнайы әлеуметтік төлем алады. Оның орташа көлемі 208 800 теңгені құрайды. Сақтандыру төлемдерін есептегендегі жұмысшылардың кінәсі алынып тасталды. 2015 жылғы мамырға дейін жарақат алған тұлғаларға өтемақы төлеу жолға қойылды. Оларға сақтанды-ру компаниялары тарапынан өмір бойы
сақтандыру төлемдері жүзеге асырылады.
Аймақта Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының заң клиникасының филиалы табысты жұмыс атқаруда оның мамандары кәсіподақ мүшелеріне еңбек, зейнетақы, азаматтық, отбасы және тұрғын үй заңнамасы бойынша тегін кеңес береді. Жастардың еңбек құқықтарын қорғау, олардың бастамаларын дамыту және еріктілігін қолдау мақсатында, облыстық кәсіподақ орталығы жанында «Келешек» жастар кеңесі белсенді жұмыс атқарады.
Мереке қарсаңында, Қарағанды облысы мен Ұлытау ауданының кәсіподақ қозғалысының аңызға айналған ардагерлерін, бастапқы кәсіподақ ұйымдарының мүшелерін, еңбек жастарының өкілдерін, филиалдар мен жергілікті кәсіподақ төрағаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысымен белгіленген, 2025 жылғы 10 қазада аталып өтетін – Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын
жүректен құттықтаймын. Бүгінгі кәсіподақтар – тұрақтылықтың тірегі, еңбек етушілердің заңды құқықтары мен өмірлік мүдделерін лайықты қорғай білетін әлеуметтік-еңбек қатынастарының негізгі элементі.
Болат ЖҰМАБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар Федерациясының
Кәсіподақтар орталығының төрағасы