Шахтинск қаласындағы “Шахтинск тепло энерго” ЖШС өздерінде жұмыс істейтін адамдардың биыл мектепке баратын 58 баласына көмек қолын созып, ішіне оқу құралдары салынған сөмкелерді сыйға тартты.

Жылу беру машинисі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Елена Лопатинаның айтуынша, 1-сынып табалдырығын аттайтын 13 бала осындай олжаға кенелген. Соның бірі қазандық құбыр цехының күл шығару жөніндегі машинисі Любовь Ворошилованың қызы болса, осы цехтің шебері Мұрат Тұрдыбаев та баласына жасалған қамқорлыққа дән риза. Бұдан бөлек мүмкіндіктері ерекше балалары бар 3 отбасы мен 14 көпбалалы отбасына материалдық көмек көрсетіліп, кәсіподақ ұжымы 2-4 сынып оқушыларына арнап мерекелік дастарқан жайды. Мұндай игі іс кәсіпорынның жылдағы дәстүріне айналған.
Ержан ИМАШ,
ШАХТИНСК