Ресми

Кәсіпкерліктің жаңа толқыны қалыптасады

Бизнес – Президент атап өткен басты тақырыптардың бірі. Бүгінде еліміздегі кәсіпкерлер палаталары алаңдарында көтеріліп жатқан көптеген мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде, ұзақмерзімді стратегияларында ерекше көрініс тапты.

Біздің облыстың бизнес өкілдері шағын және орта бизнесті қолдау стратегиясы ұзақмерзімді болуы тиістігін құп алады. Себебі ол тұрақтылық факторына ықпал етіп, кәсіпкерлердің даму перспективаларын нақтылай түсті. Бұл өз кезегінде жекелеген өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де инвестициялық әлеуетіне әсер етеді.

Көппартиялық және бүкіл саяси жүйенің жаңаруы заңнамалық процеске сапалы әсер етуі керек. Инвестициялар мен салық үшін де, бизнес үшін де маңызды.

Мемлекет басшысы елдің дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің «жаңа толқынын» қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Биыл жастар мен ауыл тұрғындарына несие беру үшін облысымыздың 2,5 пайызына 4,3 млрд. теңге бөлінді. Бұл зор қолдау және өз ісін бастағысы келетіндер үшін жақсы мүмкіндік.

Қазір халық бизнеспен айналысуға жан-жақты қолдау бар екенін жақсы түсінеді. Рас, әкімшілік кедергілер де кездеседі. Мұндай жағдайларда палата кәсіпкерді қорғауға, оған көмек көрсетуге дайын.

Ернар КҮЛПЕЙІСОВ,

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button