Кәсіпкерлікті қолдауға басымдық берілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадық. Өз сөзінде Президент салық саясатына, кәсіпкерлікті қолдауға және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты маңызды мәселелерге назар аударды.
Президент елдегі шағын және орта бизнестің ахуалын жақсартуға бағытталған әділ және ашық салық жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнеске түсетін жүктемені азайту қажеттілігіне баса назар аударылды. Маңызды өзгерістердің бірі – салықты уақытында төлемегені үшін кәсіпкерлердің шоттарын бұғаттамау туралы шешім болды. Бұл шаралар кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Әсіресе біздің өңір үшін маңызды.
Сонымен қатар, Президент бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа бастамалар аясында кәсіпкерлерге қолжетімді субсидиялар мен жеңілдіктерді кеңейту жоспарлануда, бұл жаңа және қолданыстағы бизнес нысандарын дамытуға қосымша қолдау көрсетеді. Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы осы бастамаларды қолдайды және оларды жүзеге асыруға белсенді жұмыс істеуге дайын.
Біз салықтық рәсімдерді жеңілдету және мемлекеттік қолдауды кеңейту бизнес жүргізу үшін тұрақты әрі қолайлы жағдайлар жасайтынына сенімдіміз, бұл оның өсуі мен тұрақты дамуына ықпал етеді. Біз жаңа бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырамыз және кәсіпкерлерді олардың қызметіне әсер етуі мүмкін барлық өзгерістер туралы хабардар етіп отырамыз. Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасына +7 (7212) 50-40-55 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ барлық жаңалықтарды facebook желісіндегі «Бизнес в Караганде и Карагандинской области» тобының парақшасынан және «Бизнес Караганда» телеграмм каналынан таба аласыздар.
Ернар КҮЛПЕЙІСОВ,
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры