Кәсіпкерлерге қолдау жан-жақты
Кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігінің артқанын да Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ерекше атап өтті аймақ басшысы.

– Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,2%-ға өсті. Бұл яғни 100 мыңнан астам жаңа салық төлеушілер. Белсенді халықтың жартысы, облыстың әрбір екінші тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейді.
242,3 мың адам шағын және орта бизнес немесе экономикалық белсенді халықтың 43% (жұмыс күші) жұмыспен қамтылған.
Шағын және орта бизнес өнімін шығару 1,2 трлн теңгеге жетті.Біз бизнес-климатты жақсарту бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз, бұл бізге бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша ел рейтингінде 2-ші орынға ие болуға мүмкіндік берді.
Республикада бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесі екі есе төмендеді (4-тен 2% – ға дейін). Бұл шараны 900-ден астам кәсіпкер пайдаланды, бұл өзгерістер енгізілген сәттен бастап салық төлеушілер санын 6 есеге арттырды.
800-ден астам ШОБ кәсіпорындары ірі компанияларға қызмет көрсетуге тартылды, бұл 6 мыңнан астам тұрғынға жұмыс орындарын берді.
Бизнесті қолдаудың нақты шаралары бар. Мысалы, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша 212 грант берілді.
Жастардың бизнес-идеяларын қолдау және іске асыру үшін жылдық 2,5% несие және 365 кәсіпкерге грант берілді.Жыл соңына дейін барлық бағдарламалар бойынша бизнесті қолдау жобаларының портфелін 5,5 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтар болсақ, оның ішінде 2 мыңнан астамы – жаңа жобалар (2020 жылдан бастап 3,5 мың жоба), – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz