Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге арналған ұялы қосымша

Ағымдағы жылдың шілде айында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен кәсіпкерлерге арнап әзірленген «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген үлгісі іске қосылды.

touchphone in female hands

Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады.

Аталған кодты сканерлеп, кәсіпкер тексеруші, тексеру мерзімі, түрі туралы және тағы басқа толық ақпаратты көріп және оны қағаз үлгідегі тексеру тағайындау туралы актімен салыстыра алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алып тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады.

Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы бұзушылықтары көрсетілген тексеру қорытындысымен таныса алады.

Ұялы қосымшаның алғашқы үлгісі тек негізгі 2 қызметті атқарды. Олар тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетін даулау мүмкіндігі.

Жалпы бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгізілді және аталған кезеңнен бастап 27 мың кәсіпкер қолданушы ретінде тіркелді.

Ұялы қосымшаның жаңа үлгісі мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Бас прокуратурасы

Басқа материалдар

Back to top button