Жаңалықтар

Кәсіпкерлер де дауыс берді

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде орналасқан №44 референдум учаскесінде 1489 тұрғын тіркелген. Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 500 тұрғын таңдауын жасапты.

Аталмыш референдум учаскесіне Чкалов, Болотников, Инженерная, Садовская, Төлепов көшелері мен Кислородный, Сборный, Сельский, Химический тұйық көшелерінің тұрғындары шақыртылған.
Таң атысымен жұмыс қызды. Алғашқыда жиырма шақты тұрғын келді. Сағат 11:00-ден аса халық көп жинала бастады. Әзірге, тұрғындардың қатарында сырттан келген қонақтар әлі тіркелмеді. Дауыс берушілердің басым бөлігі 45-50 жас шамасынан асқан адамдар, — деді төраға Жанар Рахимова.
Дауыс берушілердің қатарында жеке кәсіпкерлер де болды. Солардың бірі – Руслан Әшімов.
— «Ата Заңға толықтырулар енгізіледі» деген күні толық танысып шықтым. Бұл – кейінгі жылдардағы ең маңызды оқиға. Енді еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріледі деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы — әділдік болса екен деймін. Себебі, әлілдік болған жерде даму да өсу де бар. Сондықтан, елімнің ертеңі үшін дауыс бердім, — деді ол.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Суретті түсірген Руслан ҚАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button