Жаңалықтар

Кәсіпкерге – кең өріс

    «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы 2016 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарды.

Мамандардың айтуынша, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асырудан бастап облыста жалпы сомасы 83,8 млрд. теңгеге субсидиялау құралдары бойынша 595 жобаға қол қойылған. Ал, 2016 жылы облыстың Өңірлік үйлестіру кеңесі 19,4 млрд. теңге несие сомасына 133 жобаны мақұлдады.

Қордың филиалы кепілдік сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайтын 127 жобаға қол қойды, бұл 5,8 млрд. теңге сомасына несие беруге мүкіндік берді.

Облыс бойынша Ұлттық Қордың қаражаты есебінен барлығы 22 млрд. теңге сомасына 132 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, 2016 жылы 12,14 млрд. теңгеге кәсіпкерлердің 37 жобасына қаражат құйылды.

2016 жылдың 11 айлық қорытын­дысы бойынша, «Бизнестің жол кар­тасы – 2020» бағдарламасының қа­ты­сушылары 10 856 млн. теңгені құ­райтын салық төледі.

Қордың аймақтық филиалы кәсіпкерлердің қаржылық емес қолдау көрсетуде құзыреттілігі деңгейін арттыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде. «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы бойынша Назарбаев университетінде облыстың 38 кәсіпкері оқу оқыды.

Жыл бойы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 6129 бизнес-жоспарын әзірлеу, құқықтану, бухгалтерлік және салықтық есеп, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлерге кеңестік қызметтері көрсетілді.

КҚКО базасы аясында бизнесті жүргізу бойынша жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге 30-дан астам тренингтер, семинарлар, кездесулер, шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен ұйымдастырылған семинарлар өтті. Кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы Қарағанды облысының 26 елді мекеніне сәуірден қазан айына дейін жұмыс сапарымен барып, кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа және кәсіпкерлерге 917 консультациялық қызмет көрсетілді.

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру арқылы 137 қатысушы білім алып, соның ішінде, 17-і өз бизнесін ашты.

2016 жылдың ақпан айында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасын іске асыру аясында, филиал және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өзара әрекеттесу меморандумын жасады. Есепті кезеңде осы жоба бойынша облыстың жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 105 студент оқыды.

Қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша 4 тоқсанда 32 кәсіпкер білімін жетілдірді.

Астана қаласының «Көрме» орталығында «Қазақстанда жасалған» атты көрме өткізілді. Облыстан мемлекеттік қолдау алған 35-тен астам компания қатысты, оның ішінде, 3 компания «Евразиан Фудс» АҚ, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС және «Сантехпром» ЖШС үздік шық­ты.

Көрме барысында 2,3 млн. теңге өнім сатылып, жеке кәсіпкерлермен келісім-шарттар мен меморандумдар жасалды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button