АймақБас тақырыпБасты тақырыпҚарқаралы

Кәсіпкер Татан ауылына ауызсу жеткізді

Қарқаралы ауданы, Татан ауылында туған кәсіпкер әрі меценат Айдос Ақшонтаев өз қаражатына Қарағаш ауылындағы 43 үйге орталықтандырылған ауызсу жүйесін жүргізіп берді. Бұл бастама ауыл тұрғындары үшін өте маңызды мәселені шешумен қатар, кәсіпкердің қоғам өміріне қосқан үлесін айқын көрсетеді.

Сурет облыс әкімдігінен

Өткен жылы ауыл мектебінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында тұрғындар таза ауызсу мәселесін көтерген болатын. Сол күні Айдос Ақшонтаев бұл мәселені шешуге көмектесетінін уәде етіп, биыл сол уәдесін орындады – су құбыры әрбір үйге тартылды.

Айдос Ақшонтаев – қазақ күресі, самбо және дзюдо спортынан шебер, Қарағанды облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті. Ол спорттағы және өңірдегі қоғамдық бедерін көтеріп қана қоймай, әлеуметтік бастамаларға, қайырымдылық істеріне белсене араласуда.

2020 жылы кәсіпкер туған ауылы Татанда мешіт салды. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, отын, мектеп жабдықтары арқылы көмек көрсетіп, «Мектепке жол» және басқа да әлеуметтік жобаларға қатысып келеді.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button