«2024-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы» аясында қолға алынған бастамалар жергілікті тұрғындарға өз кәсібін ашуға мүмкіндік беруде. Солардың бірі – Приозерск қаласында ашылған «Юбилейный» дүкені. Ол бүгінде қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.

Мемлекеттік қолдаумен ашылған дүкен өз жұмысын сәтті жалғастыруда. Қала тұрғындары мен қонақтары сапалы қызмет көрсеткен кәсіп иелеріне дән риза. Мемлекеттік грант иегерлері алдағы уақытта өз кәсіптерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
– Мемлекеттік гранттың арқасында, арманымды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдым. «Тәтті дәм» кулинариясы арқылы қала тұрғындарына сапалы әрі дәмді өнім ұсынғым келеді. Кәмпиттер мен десерттер өндірісін кеңейту жоспарымызда. Бұл грант мен үшін тек қаржылай қолдау ғана емес, сонымен қатар, сенім мен шабыт береді, – деді кәсіпкер Сарқыт Ескенқызы.
Бұл ойды қолдаған кәсіпкер Дәмежан Ахметова мұндай бағдарламалар талайға мүмкіндік беріп, туған жерінде табысқа жетуге жол ашатынын жеткізді.
– Грант алғаннан кейін өз кәсібімді бастауға деген сенімім күшейді. «Дәмді LIFE» арқылы қала тұрғындарына ерекше тағамдар ұсынып, гастрономиялық мәдениетті дамытуға үлес қосуды мақсат еттім. Болашақта жаңа өнім түрлерін шығарғым, келеді, – деп ой бөлісті Дәмежан Ахметова.
Жергілікті тұрғындар арқылы кәсіп ашуға мүмкіндігінің көкжиегенің кеңдігін көріп отыр.
Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
ПРИОЗЕРСК



