Кәсіби қолдау көрсетті
«І қалалық жаңашыл педагогикалық идеялар» фестивалінің мақсаты – орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасынан талантты, шығармашыл педагогтарды анықтау. Сондай-ақ, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Фестивальге орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар іс-тәжірибеге сәйкес оқыту түрлері мен әдістері, мазмұны мен құрылымына сай әзірмелер ұсынды. Қатысушылар өз жұмыстарын 7-10 минут қорғады.
Ұстаздар дайындаған әдістемелік әзірлемелер жан-жақты, сауатты шықты.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қалалық білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары табысталды. І орынды №64НОМ Ж.Мұрат жеңіп алды. Ал, ІІ орын №74 ОМ Л.Зарубаева, Ж.Сайдина, №78 НОМ Б. Біләлова, №33 МБК Д.Сатыбалдина, К.Оспанова иеленді. Тиісінше ІІІ орынмен №25 ОМ А. Башаева, №52 ОМ А. Ерғалиева, М.Дауенова, М.Мақажанова, №34 НОМ Қ. Біләлова марапатталды.
Ең үздік оқу құралы бойынша №25 мектеп мұғалімдері М.Смағұлова, Л.Адежанова, сондай-ақ, №40 мектептің мұғалімдері М.Мұқышева, С.Бүрлешова дайындаған әзірлемелер марапатқа лайық деп танылды.
К.БҮРКІТБАЕВА,
№33 мектеп-балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.