Басты тақырыпЖезқазғанОблыс әкімі

КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Облыс әкімі   Ерлан  ҚОШАНОВ жезқазғандық металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аймақ басшысы Жезқазғанға іссапары барысында металлургтер құрметіне арналған салтанатты жиынға қатысты. Саланың үздік жұмыскерлеріне облыс әкімі Алғыс хаттар табыстады.

– Жезқазған тұрғындары үшін Металлургтер күні – басты мереке, – деді Ерлан Қошанов. – Сол себепті, бүгін мен өз әріптестеріммен сіздерді осы кәсіби мерекемен құттықтау үшін арнайы келдім. Мен өзім көп жылдар бойы Жезқазған мыс балқыту зауытында байытушы маман болып жұмыс істедім. Мені бұл қаламен көптеген естеліктер байланыстырады. Бұрын Жезқазғанға кіре берісте «Біздің байлығымыз – мыс» деген жазба тұратын. Алайда, заманауи, тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы – адамдар. Мыс өндірумен айналысатын адамдар. Біздің байлығымыз бен мақтанышымыз ол – сіздер, металлургтер.

Сонымен қатар, облыс әкімі: «Әр елдің күші – оның халқында» деген Елбасының сөздерін келтіре былай деді: «Мысты аймақтың күші сіздерде, құрметті металлургтер!».

Жезқазған мыс балқыту зауытында барлығы 1492 адам жұмыс істейді. Қала халқының саны 91 000 адамды құрайды. Олардың жартысынан көбі өндіріс саласында қызмет етуде.

Құттықтаудан кейін Ерлан Қошанов мыс балқыту зауытының үздік қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен қаржылай сыйақыларды табыстады.

Металлургтер күніне орай, жиналғандар үшін концерт ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button