Бас тақырыпБасты тақырыпРуханият

Қарқаралыда қазба жұмыстары кезінде көне май шайқағыш табылған

Көшпелі қазақ тұрмысына қажетті кез келген ыдыс ағаштан, қыштан, теріден, жүннен, киізден жасалған. Соның бір көрінісі – қазба жұмыстар кезінде табылған май шайқағыш.

Суретте: Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайындағы май шайқағыш

Бүгінде Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайында тұрған жәдігерді этнографиялық экспедициямен ауылдарды аралап жүрген кезде аудан тұрғыны Ақан Шыңғысов тауып алып, мұражайға тапсырған екен.

– Май шайқағыштың бірнеше ұзын ағаш бөлшектерін ие отырып, екі шетін темірмен құрсаулап, ортасына темір бұрғы салған. Оны қолмен айналдыру арқылы сүттен майды айырып, тұрмыста пайдаланған. Негізінен, май шайқағышты славян халықтары қолданады екен. Біздің қазақ халқы оны жуаз деп атайды, – дейді мұражай қызметкері Сәтбек Сламбеков.

Май шайқайтын құрылғылардың түрі көп. Қазақ халқы көбіне сүтті күбіге құйып, оны пісу арқылы май алған. Оны теріден тігілген ыдыста сақтаған.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button