Жаңалықтар

Көшпелі мәдениет көрінісі

Тәуелсіздік алғалы бері тіл мен дін, мәдениет саласы қолға алынып, аяқтануына аз жұмыс жасалмады. Мәдениет әуелден түйіткілді мәселе. Оның ішінде қазақ көшпелі мәдениетінің қайта түлеуіне сеп болар біршама шара нәтижесіз де емес. Осы орайда, Балқаш қаласында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» облыстық фестивалі өтті. Бұл қалада іс-шараның алғаш ұйымдасуы. Ол Қарағанды облысының барлық өңірлерін қамтиды.

Аталмыш шарада М.Хамзин атындағы Балқаш мәдениет сарайы ұлттық нақышта безендірілді. Келушілер назарына «Шеберлер қаласы» халық қолөнершілерінің экспозициясы ұсынылды. Мұнда киіз кілемдерді, текеметтерді, зергерлік бұйымдарды, ұлттық костюмдерді және тағы басқа өнер туындыларын көруге болады. Сондай-ақ, ұлттық тағамдар көрмесі де өтті. Жергілікті спортшылар қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетті. «Сайын далам – Сарыарқа» театрландырылған қойылымына әншілер мен айтыскерлер қатысты. Балқаштықтардың шығармашылығын қазылар алқасы ерекше ықыласпен бағалады. Іс-шараның бұл соңы емес. Қыркүйек айында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» атымен Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Абай аудандарында, сондай-ақ Қарағанды мен Теміртауда өтпек.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button