Жаңалықтар

Көше тазалығын сынға алды

«Таңертеңгілік уақытта коммуналдық техника да, аула сыпырушылар да көрінбейді».

Аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК облыс орталығындағы жолдар мен көшелерді тазалау жұмыстарының сапасын сынға алды.

– Кеше таңғы сағат 7-8-де қала ішімен жаяу жүріп өттім. Коммуналдық қызметтердің бірде-бір қызметкері, көшелерді суаратын немесе тазалайтын бірде-бір машина жоқ. Бірде-бір аула сыпырушы көзіме түспеді. ПИК нашар жұмыс істейді, – деді аймақ басшысы онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте. – Әлеуметтік желілерде қоқыс жинау мәселесіне қатысты, жолдардың жағдайы туралы тұрғындардан, автокөлік жүргізушілерінен шағымдар көп жарияланып жатыр. Қардың еріп кетуімен проблемалар бар жерлер көріне бастады. Қарапайым мәселелерді шешу керек. Мысалы, жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтірген жерлерді жөндеңіздер. Кепілдік қызмет көрсету мерзімі өтпеген мердігерлерді барлық проблемалық учаскелерді жөндеуге мәжбүрлеңіздер. «Асфальт қазуды ұнататын» әуесқойларды жазалау керек. Әрбір жағдайды жеке қарастыру қажет.

Облыс әкімі таңғы сағат сегізге дейін барлық жер таза болуы үшін қоқыс жинау кестесін қадағалауды талап етті. Сондай-ақ, бұл тек облыс орталығына ғана емес, өңірдің барлық қалаларына да қатысты екенін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button