Басты тақырыпЖаңалықтарПрезидент

Көшбасшы

Даласына тартып туған, кең пішілген кемеңгер Көшбасшы!

Ұлтының ұлы, жұртының нұры болған, елінің бағы Елбасы! Абыз Ана ұзақ толғатып, сирек туатын Айбатты Ер! Алмастай асыл, алтындай саф Ұлы Қайраткер!

Нұрсұлтан Назарбаев – ғасырлар бойы аңсаған еркіндіктің туын берік ұстап, тақыр жерге тау тұрғызған Толағай. Шөл даланы гүл қалаға айналдырған Бағбан. Алдағыны көріп, алыс­ты болжаған Көреген!

Мемлекет құруда мехнат тартып, керегесін кеңейтіп, шаңырағын шайқалтпай ұстаған Бек те – біз­дің Елбасы! Қол бастаса – көсем, сөз бастаса – шешен, қиын істердің қисынын келтірген Төбе би! Сөздің сырын ұғып, салмағын шамалай білген Көшелі!

Ардақты елім азып-тозбасын деп, «Ұйқы беріп, қайғы алған» аманатқа Адалымыз.

Көш бастаған қатепті Нар­­басы, ұлтымен етене Ұлы Хандардың жалғасы. Босағасын бірлікпен бекіткен, ырысын ынтымақпен тасытқан мұқым Қазақтың шаңырағына тіреу болған Алтын діңгек – Нұрсұлтан Әбішұлы!

Еліне жол көрсетіп, бағыт берген бағдаршам, Алаштың адастырмас Ақ жұлдызы. Зеңгір көкке Ай мен Күн орнатқан Алланың халыққа берген Бақ жұлдызы! Ардың жүгін арқалаған Айбарлымыз!

Шәкәрім ақынның тілімен айтсақ, «Мен жетелеп өлемін, Өрге қарай қазақты» деп ұлтының перзенті, Жұртының Президенті болған Ардақтымыз! Сарабдал саясаткер, салиқалы да салмақтымыз!

Арқаға Ақорда салып, оң іс қылған, ерлік пен елдіктің еңсесін биіктеткен, елі сенген Елбасы!

Тарихтың дауылына, тағдырдың жауынына, өмірдің өр­тіне, дәуірдің дертіне төтеп беріп, сергелдеңде жол тап­қан Жолбасшы!

«Қой үстіне бозторғай жұ­­­мыртқалаған» заманды орал­тып, ақылы қалқан, қайсар­лығы қамал болған Қолбас­шы. Көңілді шат, қадамды нақ қыл­ған парасаттың иесі, қа­зақтың маңдайына біткен бес елі бағы, тұрақтылықтың тұмары!

Әлемді аузына қаратып, күндей шуағын таратып, Нұрсұлтан ханы халқын соңына ер­тіп, «Мәңгілік Елдің» бағытын бетке алды.

Қазақтай Ел аман болсын, Ел бағына туған Нұрсұлтандай Ер аман болсын!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button