Күш көрсеткен адам қамауда отыр
Қарағанды қаласында жеке медициналық орталықта қызмет атқарып жүрген медбикеге қатыгездікпен шабуыл жасаған ер адам уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Алғашында ол дәрігерлердің бақылауында болып, нейропсихиатриялық орталыққа жатқызылғанымен, жүргізілген медициналық сараптамалар мен тергеу нәтижелері оның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына негіз болғаны анықталды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Өткен айда жеке медициналық орталықтың медбикесіне шабуыл жасаған ер адам алғашында дәрігерлердің бақылауымен нейропсихиатриялық орталыққа жатқызылған еді. Алайда, жүргізілген медициналық сараптамалар мен тергеу нәтижелерінен кейін оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны анықталды. Құқық қорғау органдары қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, оқыс оқиға медбике жұмыс күнін аяқтап, үйіне қайтуға дайындалып жатқан сәтте орын алды. Медициналық орталықта отбасымен бірге жүрген ер адам қызметтік бөлмеге кіруге әрекеттенген. Алайда, оған рұқсат берілмеген соң есікті сындырып, ішке басып кірген. Осы сәтте қылмыскер медбикеге шабуыл жасаған.
Осыдан кейін ер адам медбикеге қатыгездікпен күш көрсетіп, ұра бастаған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, ол қыздың шашын жұлып, саусақтарын сындырған және бірнеше рет теуіп жіберген. Салдарынан медбике ауыр жарақат алды. Дәрігерлер науқасқа «ми шайқалған» деген диагноз қойды.
Полиция қызметкерлері оқиға орын алған сәтте ер адамды ұстап, оны психоневрологиялық орталыққа орналастырғанын хабарлады. Медициналық мекемеде ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды.
Жеке медициналық мекеме дәрігеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында тәртіп сақшылары шабуыл жасаған ер адамның 42 жаста екенін анықтады. Қазіргі уақытта оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Аталған резонансты оқиғаға қатысты жаңа деректер жарыққа шықты. Аймақтық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, тергеу барысында шабуылдың мән-жайына қатысты бірқатар маңызды жайттар анықталған.
«Оқиға орын алған күні күдікті облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Медициналық тексеруден өткеннен кейін ол уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, қамауға алынды. Сот шешімімен оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің ресми хабарламасында.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал, күдіктінің іс-әрекетіне заң шеңберінде құқықтық баға беріледі.
Іс бойынша тергеу уәкілетті органның өндірісіне беріліп, жүргізілуде.
Оқыс оқиға қоғам назарын медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен қорғау мәселесіне қайта аударды. Қызмет барысында әрдайым жанқиярлықпен еңбек ететін дәрігерлер мен медбикелердің құқықтары мен амандығын қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті. Қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталғанша, құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелердің бірлесіп жұмыс істеуі, сондай-ақ, мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту маңызды.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»