Көрнекті тұлға өмірден озды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Төлеутай Мінапасұлы Шахарбаевтың қайтыс болуына байланысты, Шахарбаевтар әулетіне қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Төлеутай Мінапасұлы – ел дамуына елеулі үлес қосып, өнегелі еңбегімен халықтың құрметіне бөленген көрнекті тұлға еді. Ол кісі саналы ғұмырын ауыл шаруашылығын дамыту мен өңірімізді өркендету жолына арнады.
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына қатысып, Қарқаралы өңіріндегі ауыл шаруашылығының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Әр жылдары совхоз директоры, аудандық атқару комитетінің төрағасы және партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсуіне еңбек сіңірді.
Облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бірінші орынбасары, «Қарағанды-Нан» АӨК директоры және «ПКФ «Агросоюз» басшысы қызметтерінде де жоғары біліктілігі мен жауапкершілігін танытты.
Көп жылғы еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен, тың игеруге қосқан үлесі үшін медальдарымен және бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Төлеутай Мінапасұлының жарқын бейнесі мен елімізге сіңірген еңбегі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.
Марқұмның жақын-туыстарына қайғыра көңіл айта отырып, қаза артының қайырын берсін дейміз.
Е. БӨЛЕКПАЕВ, Н. КОБЖАНОВ, А. ТАЙЖАНОВ, Е. АЛПЫСОВ,
Р. КЕНЖЕБЕКОВ, Ə. ƏЛДЕНЕЙ, О. ТАУРБЕКОВ, Е. ГАЛИЕВ,
Н. БИКЕНОВ, А.ТЮЛЮБЕКОВ, Р. ОМАРБЕКОВА, С. АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, С. МУСИН



