Көрнекті тұлға, ғұлама ғалым
Көрнекті мемлекеттік, ғылыми, қоғамдық жəне саяси қайраткер – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанның білім жəне ғылым жүйесін дамытуға, оны жаңғыртуға жəне əлемдік деңгейге шығаруға елеулі үлес қосқан адам. Оның көп қырлы жəне ерекше жемісті еңбек қызметі отандық білім мен ғылымға арналған.
Бақытжан Жұмағұлов 1953 жылғы 18 тамызда Талдықорған облысының Қапал ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының қатысушысы Тұрсын Жабықбайұлы мен аудандық кітапхана меңгерушісі Кенжетай Батырбекқызы балаларына жастайынан еңбексүйгіштік, еңбек адамына деген құрмет, əдептілік, қарапайымдылық жəне оқуға деген сүйіспеншілік қасиеттерін сіңірді. Мектепте, əскерде, кейін бұрынғы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, қазіргі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенде Бақытжан Жұмағұлов көшбасшылық қасиетімен, жауапкершілігімен ерекшеленді. Спортпен белсенді айналысты, студенттердің құрылыс отрядтарының командирі, факультеттің комсомол комитетінің хатшысы болды. Бақытжан Жұмағұловтың ірі ғалым, ғылымды жəне жоғары мектепті ұйымдастырушы ретінде қалыптасуында сол кездегі университет ректоры, көрнекті қазақстандық ғалым-механик, академик Өмірбек Жолдасбеков үлкен рөл атқарды.
Бақытжан Тұрсынұлының өмірінің едəуір бөлігі «alma mater»-мен байланысты. Оқуды бітіргеннен кейін университет инженерінен бастап, ректорына дейінгі еңбек жолынан өтті…
Марат ИБАТОВ,
«Əбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР ҰИА академигі, ҚР ҰИА Қарағанды филиалының төрағасы, ҚР əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Мақаланың толық нұсқасын газеттің 15 тамызындағы №90 (23 266) санынан оқи аласыздар.