Жаңалықтар

Көрмеде кездесейік

Билеттерді қайдан сатып алуға болады?

Қарағандыда «ЭКСПО»-ға билеттерді барлық «Қаз­пошта» бөлімшелерінен және «Таир», Орталық әмбебап дүкені және «City Mall» сауда үйлерінде орналасқан кассалардан сатып алуға болады.

Билеттер сатылымының жүйесі қандай?

«ЭКСПО» билеттері ашық және жабық даталармен демалыс және жұмыс күндері үшін де сатылады.

Сонымен қатар, арнайы күндерге арналған билеттер де болады: 10 маусым – көрменің ашылуы, 6 шілде – Астана күні, 30 тамыз – Конституция күні, 10 қыркүйек – көрменің жабылуы. Осы күндері жеңілдікті және тегін билеттерді көрмеге кіре берістегі кассалардан алуға болады.

Ол билеттердің құны қанша?

– ашық датамен жұмыс күндері – 6000 теңге;

– ашық датамен демалыс күндері – 8000 теңге;

– жабық датамен жұмыс күндері – 4000 теңге;

– жабық датамен демалыс күндері – 6000 теңге.

Тегін және жеңілдікті билеттер кімге ұсынылады?

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар, жетім және 6 жасқа дейінгі (6 жасты қоса есептегенде) балалар жеңілдікті билеттерді алуға құқылы.

Мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер, көп балалы ата-аналар мен 4 және одан көп кәмелетке жетпеген, бірге тұратын балалары бар көп балалы отбасылар билетті 50% жеңілдікпен сатып ала алады. Шетелдік азаматтарға жеңілдік жүрмейді, ал, 6 жасқа дейінгі балалар үшін жеңілдік қарастырылған.

Жеңілдікті билетті сатып алу кезінде жеке тұлғаны куәландыратын құжат пен жеңілдік беретін құжатты ұсыну керек.

Әзірлеген

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button