Руханият

Көрме көркі – кескіндеме

Бейнелеу өнері мұражайында Sketch academy кескіндеме және скетчинг студиясы оқытушыларының көрмесі ашылды. «1art» деп аталатын бірінші вернисажда 50-ден астам жұмыс бар.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Sketch academy-ге Дәурен Кошен мен Арман Терлікпаев жетекшілік етеді. Балаларға скетчинг, кескіндеме, иллюстрация жасауды үйретеміз.

– Оқытушылар вернисажында түрлі жанр мен стильдегі картиналар ұсынылған. Пұтқа табынушылық тақырыбы, сюрреалистік пейзаждар, натюрморттар, психологиямен байланысты түрлі композициялар жасалған жұмыстар бар. Қарағанды, Шахтинск және Теміртау қалаларындағы студияларымызда 5 жастан 17 жасқа дейінгі 300-ден астам бала білім алады. Олардың арасында Artsport арқылы тегін оқитындар да бар. Бір аптадан кейін балалар көрмесін өткізу жоспарда бар, 150-ден астам жұмыс қойылады, – дейді Дәурен Кошен.

Көрмеде оқытушылар София Ушакова, Алина Кушхова, Дәурен Кошен, Юлия Хакимова, Анель Каримсакова шығармалары арқылы әлемге және табиғатқа сүйіспеншілікті көрсетіпті. Суреттерде май, гуашь, акрил техникасын қолданған. Қарағандыдағы студия оқытушысы Алина Кушхованың бұл алғашқы жеке көрмесі. Ол кәсіби музыкант болғанымен, студияда сабақ береді.

– Көрмеде 15-ке жуық жұмысым бар. Гүлдер, текстуралық пастадан жасалған алтын аққу да бар. Бәрінен бұрын текстуралық пастамен жұмыс істегенді ұнатамын. Жұмыстарымның бірін қаза тап­қан кеншілерге арнадым. Суретті ұзақ уақыт салдым. Касканың түпнұсқасында «АМТ» жазуы және ескі форматтағы жарықшам бар, – дейді Алина.

Мұражай директоры Бибігүл Құдабаеваның айтуынша, балалардың Sketch academy көрмелері екі жылдан бері жұмыс істейді. Көрмені тамашалағандар арасынан сурет салуға қызығатындар табылуы мүмкін.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button