АймақҚарағанды

Көрісу күніндегі көшпелі концерт

Халқымыздың салты бойынша 14 наурызда үлкен-кіші қыстан аман шыққанына қуанып, бірін бірі құттықтап, төс соғыстырып, көрісіп жатады ғой.

Міне, көктемнің осы мерекесіне орай Теміртау қалалық Мәдениет сарайының өнер ұжымдары бұл күні жұрт көп жиналатын қала көшелері мен ірі сауда орталықтарына барып, көшпелі концерт қойды.

Көшпелі концерт таңертеңгілік “Алекон” сауда үйінен басталып, автовокзал, қалалық саябақ, “Ес-дәулет”, “Пассаж” сауда орталықтары, 70-орамдағы базар, Қарағанды индустриалдық университеті алдындағы алаңда жалғасты.

Теміртаудағы Көрісу күнінде сол жерлерге жиналған жұрт алдында аталған Мәдениет сарайының “Магнитка” ардагерлер ансамблі, “Калинка” халықтық хоры, “Алау” ансамблі, “Берегиня” орыс әндерінің халықтық ансамблі мен “Озат” мектебінің балалар хоры өнер көрсетті.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button