АймақБұқар жырау

Кәріпбек Күйіковпен кездесу

29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай Жаңаөзен ауылдық кітапханасында “Қазақстан – ядролық қарусыз ел” атты кеш өткізіліп, Семей полигонының зардабын көрген халықаралық деңгейдегі суретші Кәріпбек Күйіков оқырмандармен кездесті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кездесуде Кәріпбек Күйіков өз өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, әлемде бейбітшілік болуы жолындағы күрескерлік қызметін баяндады.

Бұл кеште кітапхана қызметкерлері Кәріпбек Күйіковтің авторлық сурет көрмесін ұйымдастырып, оны оқырмандарға таныстырып, өздері дайындаған диорама арқылы полигон зұлматы жайлы деректер мен фактілерді көпшілікке ұсынды.

Кітапханада өткен тағлымды кеш еліміздің бейбітшілікке ұмтылысы мен ядролық қарусыздану жолындағы ізгі қадамдарын дәріптеуге арналып, оқырмандарға үлкен ой салды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button