Аймақ

Кәріпбек Күйіков – Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы

Арқаның алтын тәжі Қарқаралыда атақты Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Шарапатты шара аталмыш жәрмеңкенің тарихынан сыр шертер келелі конференциямен басталып, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлар думанды кешпен жалғасты.

Суретттер ұйымдастырушылардан

Тың дерек, соны пікірлермен есте қалар конференцияда елімізге белгілі ғалымдар, ҚарУ-дің ректоры Нұрлан Дулатбеков, Сатай Сыздықов, Нұрсахан Ахметқызы, Темірғали Аршабеков, Елдос Тоқтарбай, Алтынбек Құмырзақ, Әділет Жағыпарлар сөз алып, Қоянды жәрмеңкесінің тарихи маңызына тоқталды. Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы бастаған ақындар жырдан шашу шашып, белгілі журналист Әшімхан Жампейістің авторлығымен түскен деректі фильмнің тұсауы кесілді.


Іс-шара барысында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының белсендісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі, қылқалам шебері Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі қойылып, даңқты суретшіге Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Жәрмеңке жайлы толық ақпаратты газетіміздің сейсенбілік санынан оқи аласыздар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button