Бас тақырып

Көптен күткен стадион

Приозерск қаласында ұзақ жөндеу жұмыстарынан кей­ін қалалық стадион іске қо­сылды.

Сурет қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

50 жылдан астам уақыт ескіріп тұрған стадион жаңа жөндеу жұмыстарын қажет еткен болатын. Футбол алаңындағы жасанды жабынға, көрермендерге арналған ыңғайлы трибуналарға да жаңартулар енгізілді. Жүгірушілер үшін заманауи тартан жолдары жабдықталды.

Заманға сай жаңартылған стадионның аумағы төрт гектардан асып жығылады.

– Енді мұнда тек футбол ғана емес, хоккей, волейбол және баскетбол ойнауға болады. Жеңіл металл қаңқадан жасалған трибуналар, 3D-қоршау орнатылған, паркинг, жарықтандыру бар, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұл.

Стадион базасында жеңіл атлетика, футбол, волейбол және баскетбол үйірмелері ашылады. Алдағы уақытта жасөспірімдерді қабылдау басталады.

Облысымызда бұдан бөлек тағы бір стадионға жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатқанын айта кету керек.

Нұрдос КӘРІМ,
ПРИОЗЕРСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button