Көптен күткен олжа

    Жақында Астана қаласында «World Scholar’s Cup» 2017 атты дебаттық сайыс ұйымдастырылды. Осы жылы «World Scholar’s Cup» жобасы өзінің 10 жылдығын атап өтіп, жердің түпкір-түпкірінен 400-ге жуық оқушы жиналып, оның ішінде 130-ға жуық командалар Қазақстаннан, Орта Азиядан, халықаралық мектептерден, яғни бұл дегеніміз Америка Құрама Штаттары, Түркия, Қытай, Корея, Ұлыбритания, Польшадан келген үздік оқушылар жиналды.

Биыл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан “World Scholar’s Cup” сайысына екі команда барып, оның ішінде біреуі Junior Teams (кіші сынып оқушылары), ал екінші команда 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, яғни 7-8 сынып шәкірттері Динара Қуатпекова, Әлішер Шариязданов, Ажар Қаржаспаева және екінші команда – Ясмин Урикбаева, Жазира Кана­това және де Айжан Рахтаева қатысты. Біздің мектеп оқушылары 30 медаль иеленді. Оның ішінде 15 алтын, 15 күміс және көптен күткен қымбат олжа 1 орын кубогы “ First Place Debate Team Junior Division, және ең үздік дебаттық команда ретінде 1-ші орын жүлдегерлері атанды. Бұл біздің мектеп үшін баға жетпес олжа болды. Екі күннің ішінде, сайысқа қатысушы оқушыларымыз, ағылшын тілін жетік меңгергенін, дебаттық шеберліктерін, эссе жазудағы табыстарын, 6 пәннен (тарих, әдебиет, ғылым және технология, өнер және музыка, әлеуметтік білім) білімдерімен тәнті етті. Командалық сайыста аналитикалық сұрақтарға жауап беріп, өнерлерін көрсетті. Әлішер Шариязданов « Ең үздік спикер» атанып, “WorldScholar’sCup” 2017 сайысында барлық оқушылар үшін арналған дебаттық шоуда өзін ерекше қырынан көрсетті.

Жасмин ЖЕТПІСБАЕВА,

Н.Нұрмақов атындағы ММИ-дың

ағылшын тілі мұғалімі.

Бағдат СӘРМЕН,

Н.Нұрмақов атындағы ММИ-дың 11 «А» сынып оқушысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.