Жаңалықтар
Көптеген мүмкіндіктер алаңы
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай ВАРГАМЕН кездесті.
А.Есімов «ЭКСПО» нысандарының әзірлігіне тоқталды.
«Осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды», – деді Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі.
«ЭКСПО-2017» қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер көрмеге сонау Кеңес Одағы кезінен белгілі ИКАРУС электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге әзір екендігін жеткізді.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ