Жаңалықтар
Көпбалалы отбасын құттықтады
Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Үштөбе аулында тұратын Сатыбалдылардың көпбалалы отбасын құттықтап,балаларына базарлық жасады.
Бұл отбасында қазірде 7 бала өсіп келеді. Олар сабақты жақсы оқып,бірі өнермен, екіншілері робототехникамен айналысады.
Балалардың әкесі Нұржан “ИнтерГаз” компаниясында бас инженер қызметін атқарса, анасы Жаннұр медицина қызметкері, Күміс және Алтын алқа иегері. Қазір ол бала бағып, үйінде отыр.
Олар аудан әкіміне өз алғыстарын айтып,ризалықтарын білдірді.
Ержан Имаш,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан