Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артты
2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы ретінде 354,5 млрд. теңге төленді. Бұл көмекпен 856 мыңнан астам отбасы қамтылды.
Тек шілде айының өзінде төлемдердің жалпы көлемі 49,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға – 43,1 млрд теңге, ал «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен басқа да наградталған аналарға – 6,6 млрд теңге сомасына 244,9 мың адам қамтылды.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерін құрайды.
Наградталған аналарға:
«Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге.
«Алтын алқа», «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордендерінің иегерлеріне – 29 097 теңге беріледі.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Жамал АКПАРОВА