Өткен жылдың күзінен бастап Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің подъездерінде тұрғындардың ортақ электр есептегіш құралына келісімшарт жасауы қажет екендігі туралы хабарландырулар пайда бола бастады. Келісімшарт жасалмаған жағдайда, электр энергиясын жеткізуші компания үйлердің подъездері мен жертөлелерін жарықтан ажыратпақ.

Көппәтерлі үйлердің есіктерінде ілінген хабарландыруларда пәтер тұрғындарының ортақ қажеттіліктеріне пайдаланылған электр энергиясының көлемі есептегіш құралдары арқылы анықталуы тиіс екендігі айтылған. Егер мұндай құрылғылар болмаса, электр энергиясын жеткізуші компания 30 күн ішінде электр қуатын толық немесе ішнара өшіреді.
«Қарағанды Жарық» ЖШС барлық көпқабатты тұрғын үйлерде есепке алынбаған электр энергиясын анықтау үшін есептегіш құрылғы орнатылуы тиіс екенін түсіндіреді. Нақтырақ айтқанда, бұл құрылғы кіреберістерде, кіреберістің үстінде және жертөлелерде жүргізілген электр энергиясын есептеуі керек.
Аймағымыздың әрбір үйде дерлік баспалдақ алаңдарында жарық пен подъезд маңдайшаларының үстінде шамдар орнатылған.
Ортақ үй қажеттіліктеріне арналған есептеу құрылғысын орнату үшін:
1. Әрбір көппәтерлі үйлердің жиналыс хаттамасы мен келісімшартын Лободы көшесі, 35/а мекенжайынан алуға болады.
2. Хаттаманы толтыру.
3. Өтініш беру үшін Мұқанов көшесі, 57/3, 102-кабинетке барып, шекараларды бөлу актісіне өтініш тапсыру қажет.
4. Есептегіш құрылғыны орнату бойынша түсіндіру жұмыстарына қосымша кеңес алу 110 кабинетке бару керек.
Бұл іс-қимылдар реті ортақ үй қажеттіліктеріне арналған есептегіш құрылғыны дұрыс рәсімдеуге және орнатуға көмектеседі. Егер тұрғындар бас тартса, подъездегі жарық сөндіріледі.
Сондай-ақ, шекараны бөлу актісіне сәйкес есептегіш құрылғының орнатылатын орнын анықтау қажет. Егер есептегіш үйдің электр қалқанында (щитовой) орнатылатын болса, барлық шығындарды пәтер иелері өз мойнына алады. Ал монтаждау жұмыстарын әдетте басқару органының (ПИК, МИБ, ЖС және т.б.) электриктері орындайды.
Есептегіш құралын сатып алу мәселесі де басқару органдарының құзырында. Яғни, олар құрылғыны сататын және оған қажетті материалдарды жеткізетін компанияларды табуы тиіс.
Ортақ есептегіш бойынша төлемге келетін болсақ, жалпы сома әр пәтерге тең мөлшерде бөлінеді.
Мысалы, Назарбаев даңғылында орналасқан, 64 пәтерден тұратын тұрғын үйлердің бірінде бұл құрылғы өткен жылдың соңында орнатылды. Жұмыстар мен материалдарға кеткен шығын 163 мың теңгеден асқан, яғни әр пәтер шамамен 2600 теңгеден төлеген. Ал есептегіштің өзі шамамен 67 мың теңге тұрады екен.
– Оны орнату құны құрылғының өз бағасынан асып кетті – электрик атқарған жұмысы үшін 80 мың теңге алды, – дейді тұрғындар.
Рузана ҚУАНЫШҚЫЗЫ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің IV курс студенті