Бүгін таңертең Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар тез арада 28 адамды эвакуациялады, оның 8-і бала. Алдын ала болжам бойынша, «Көгілдір тоғандар» шағын ауданында болған өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Жалын пәтерде таңғы сағат төрттер шамасында тұтанған.
– 9 қабатты тұрғын үйде таңғы сағат 04:11-де бесінші қабаттағы пәтердің жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрайтын жиһаздар, тұрмыстық заттар мен тоңазытқыштың жанғыш бөліктері жанып кетті. Өрт сағат 05:08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.
Сурет пен видео облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.