Бас тақырыпЖаңалықтар
«Күнгейде» емхана мен сауықтыру орталығы ашылмақ
Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов Қарағанды қалалық мәслихатының сессиясында хабарлады.
– «Күнгей» шағын ауданы барлық әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылады. Бұл жерде жақын арада емхана мен сауықтыру орталығы ашылмақ. Тұрғындар қала орталығына үнемі қатынамайды, олардың секторында барлық қызметтер қолжетімді болады, – деді әкім.
Сондай-ақ, қала басшысы биыл 350 шаршы метрден астам тұрғын үй, яғни 2 866 пәтер пайдалануға беріліп, кезекте тұрғандар үшін 400-ге жуық пәтер сатып алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.