Руханият

Көнеден көшкен күй керуен

Кеше Ұлттық домбыра күніне орай С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Ортеке» республикалық этнофестивалі басталды. Республикалық фестиваль Қазақ халқының ерекше шығармашылығын, қолөнерін, «Ортеке» күй орындаушылық шеберлігін жаңғырту, сақтау және одан әрі дамыту, Қазақстанның мәдени мұрасын өскелең ұрпақ арасында танымал ету, сондай-ақ, дарынды қатысушыларды анықтау және қолдау мақсатында өтуде.

Сурет egemen.kz

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан фестивальге Қытай, Моңғолия, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан, сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қызыл­орда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарынан 19 қатысушы бақ сынасуда. Олар жеребе тарту арқылы қарсыластарын анықтап, сайысты бастап кетті.

Доданың алғашқы кезеңі SARYARKA ART FEST Cosmonaut қонақ үй кешенінің аумағында өтті. Мұнда келген көп көрермендер өзге ұлттардың салты және этностиліне баға беруде. Ал, Моңғолия мен түркиялық қонақтар қазақы киіну стилі және салт-дәстүрімізге ерекше қызығушылық танытып, таңданыс білдірді. Фестивальдің барлық көрермендері Қарағанды, Қырғыз­стан, Өзбекстан, Түркия және Ресейден келген жас және дарынды этнодизайнерлер жасаған ұлттық киімдерді тамашалай алады. Ал, фестивальдің келесі күні дизайнерлер өз жұмыстарын орталық саябақта – каскадтан жағалауға дейінгі аумақта көрсетеді.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button