Бас тақырып

Күндізгі температура +28°С-қа дейін көтеріледі

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел тұрғындарына 23, 24 және 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Сурет martebe.kz

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстікте күндіз найзағай күтіледі.

– 23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал, – деді синоптиктер.

Сондай-ақ, республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсетіні болжануда.

Қызығы, күздің алғашқы айының соңына таман Қазақстанның көп бөлігінде күндізгі температура біртіндеп +20…+28°С-қа дейін көтеріледі. Ал, шығыс өңірлерде +10…+15°С-тан +15…+25°С-қа дейін жылы болады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button