“Күн көсем” көшесі жаздай жайрап жатты
Балқашта биыл жеті көшенің жолы жөнделетіні ақпанның аяғында белгілі болған. Соның бірі – Ленин көшесі. Қарастырылған қаражат та аз емес – 1 млрд. теңгедей. Осының 400 млн. теңгеге жуығын ағымдағы жөндеу жүргізілетін алтауына жұмсап, қалғанын үш шақырымы қайта құрылатын Ленин көшесіне жарату көзделді.
Өкінішке орай, жағымды жаңалықтың жалғасы ұнамсыз оқиғаға ұласты. Мамырдың соңына салым «950 тонна қырынды асьфальт қолдыболыпты» деген шу шықты. Оны жергілікті билік биыл жөндеуге қаражат қарастырылмаған жол бөлігін тегістеуге жұмсауды ойластырып отырған.
Тапсырыс иесі ретінде қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі құрған арнайы комиссия әлгі қырынды асфальт «қолды болмай», жеке секторда тұратын жұртқа мердігердің өзі «тегін таратқанын» анықтады. Өйткені, ауласын тегістеп алған тұрғынның бәрі «тегін алғанын» айтты.
Обалы не керек, комиссия отыз автокөліктен астам қырынды асфальт қай аулаға түскеніне дейін індетті. Амал не, «оны кім алды?», «қырынды асфальтті тегін тарататындай мердігердің басына не күн туды?» деген сияқты сауал – жауапсыз, ал тексеру – аяқсыз қалды. Іс ескертумен тынды.
Маусым ортасынан ауғанда қала басшысы Александр Аглиулин жол мен ауланы жөндеу қалай жүріп жатқанын тексерді. Коммуналдық қызметтің бірнеше басшысын ертіп нысан аралады, қалыптасқан жағдайды көзімен көрді. Мердігермен кездесіп, тиісті тапсырма берді.
Әрине, әкім қаланы қақ жарып өтетін Ленин көшесіндегі жол жөндеуге айрықша назар аударды. Мұнда жаңадан асфальт төсегенде су ағатын жыра жасалады. Оның не үшін қажет екені, айтпаса да түсінікті. Ал, асфальт төсеу сараптама қорытындысы шығып, техника жеткізілісімен басталатын көрінеді.
Негізі бұл шаруа мамырда басталуы керек еді. Геологиялық сараптама қортындысы кідірте тұруға мәжбүрледі. Өйткені, жолдың бір шақырымында темір арқауға (арматураға) тығыздалған бетон бары белгілі болды. Сондықтан, барлық жұмысты тоқтатып, жобаны өзгертуге тура келді.
Арнайы шақырылған инженерлік-геологиялық топ әрқайсысы бір метрлік отыз ұңғыма (скважина) өтіп, темір арқауға тығыздалған бетонның беріктігін безбендеді. Ақыры, мердігер «АСМИР Строй Сервис» ЖШС оның үстіне екі қабат асфальт төсеу туралы жоба авторымен келісті.
Әу баста бұл көшенің жолын жөндеуді қарашаға қалдырмау көзделді. Материалмен жабдықтауда іркіліс болмауы үшін қалада асфальт зауытын салу қолға алынды. Жол жөндеуге он техника тартылып, отыз шақты адам айналысатыны айтылды.
Мамырда асфальтын қырып тастап, жолдың шаңын шығарып шуылдап жүргенде шіліңгір шілде туды. Қала басшысы бірнеше БАҚ өкілінің басын қосып, қаланың бас көшесін қайта құруда қалыптасқан жалпы жағдайға қысқаша шолу жасады.
Бұл нысан әкімнің жіті назарында. Ұдайы барып тұрады, мердігердің мәлімдемесіне мән береді. Жол жөндейтін астаналық фирма жұмысты қарашаға дейін бітірмекші. Бірақ, бұл қала басшысын қанағаттандырмайды. «Қыркүйектің ортасына дейін істі тиянақтауды тапсырдық» – деді А.Аглиулин.
Алайда, өткен екі айда өнген шаруа шамалы. Тағатты тауысқан асфальт төсеу тамыздың ортасына қарай әрең басталды. Сағатына 60 тонна қоспамен қамтамасыз етеді деген асфальт зауыты 14 тамызда қатарға қосылғанымен, оның да жарылқап тастағаны шамалы, жабдықтауда жүйе жоқ…
24 тамызда қала әкімі А.Аглиулин жөндеу жұмысына қатысты кеңейтілген отырыс өткізгенін естідім. Оған қалалық мәслихат депутаттары мен мердігерлер қатысыпты. «Ұзын құлақтан» естуімше, шаһар басшысы ешкімді оңдырмапты.
Мердігердің тегін істемейтінін ескерткен. Жұмысқа жауапсыздықты бетке басқан. Соның салдарынан сөз жергілікті билікке келетініне қынжылыс білдірген. Қаржы жеткілікті, соған сай сапалы іс талап еткен. Ал, Ленин көшесіндегі жол жөндеуге көңілі таза толмайтынын ашық айтқан.
Әкім сөз соңында, тиісті мердігер сөзінде тұрмаған жағдайда сотқа жүгініп, «сорын қайнататынын» мегзепті. Олар өз кезегінде үйіп-төгіп уәде беріпті. Дұрыс: қадағалайтын жергілікті билік міндетінен құтылды, тендерде тайы озып келген жақ та жауаптасты. Дұрыс емесі: жел сөз жол болмайды!?
1 қыркүйекте жаздай жайрап жатқан «күн көсем» көшесіне бардым. Жолдың бір бағытын жартылай жапқан асфальт Аманкелді көшесінің қиылысына келіпті. Талтүс таяп қалса да, қыбырлаған қара көзге түспеді.
Жолдың қарсы бағытына әлі түрен түспепті. Мына түрімен жөндеу қыркүйек пен қараша түгіл, биыл бітері күмәнді…н бітірмекші. Бірақ, бұл қала басшысын қанағаттандырмайды. «Қыркүйектің ортасына дейін істі тиянақтауды тапсырдық» – деді А.Аглиулин.
Алайда, өткен екі айда өнген шаруа шамалы. Тағатты тауысқан асфальт төсеу тамыздың ортасына қарай әрең басталды. Сағатына 60 тонна қоспамен қамтамасыз етеді деген асфальт зауыты 14 тамызда қатарға қосылғанымен, оның да жарылқап тастағаны шамалы, жабдықтауда жүйе жоқ…
24 тамызда қала әкімі А.Аглиулин жөндеу жұмысына қатысты кеңейтілген отырыс өткізгенінестідім. Оған қалалық мәслихат депутаттары мен мердігерлер қатысыпты. «Ұзын құлақтан» естуімше, шаһар басшысы ешкімді оңдырмапты.
Мердігердің тегін істемейтінін ескерткен. Жұмысқа жауапсыздықты бетке басқан. Соның салдарынан сөз жергілікті билікке келетініне қынжылыс білдірген. Қаржы жеткілікті, соған сай сапалы іс талап еткен. Ал, Ленин көшесіндегі жол жөндеуге көңілі таза толмайтынын ашық айтқан.
Әкім сөз соңында, тиісті мердігер сөзінде тұрмаған жағдайда сотқа жүгініп, «сорын қайнататынын» мегзепті. Олар өз кезегінде үйіп-төгіп уәде беріпті. Дұрыс: қадағалайтын жергілікті билік міндетінен құтылды, тендерде тайы озып келген жақ та жауаптасты. Дұрыс емесі: жел сөз жол болмайды!?
1 қыркүйекте жаздай жайрап жатқан «күн көсем» көшесіне бардым. Жолдың бір бағытын жартылай жапқан асфальт Аманкелді көшесінің қиылысына келіпті. Талтүс таяп қалса да, қыбырлаған қара көзге түспеді.
Жолдың қарсы бағытына әлі түрен түспепті. Мына түрімен жөндеу қыркүйек пен қараша түгіл, биыл бітері күмәнді…
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»
БАЛҚАШ қаласы.