Ресми
Көмір бағасын реттейтін – әкімдіктер
Көмір бағасы аспандап тұр. Ал, өңірлерге жеткізілгенде баға одан бетер шарықтап кетеді. Жалпы, ауылдық елді-мекендерге жеткізілетін көмір мен оның бағасын кім реттейді?

– Аудандарда көмір бағасын қадағалап отыратын аудан әкімдігі. Олар тұрғындарға қажетті көмірді аудан орталығына жеткізу қажет. Нұра, Қарқаралы ауданының тұрғындарынан «Шұбаркөл» көмірінің бағасына байланысты көп сұрақ түседі. Әрине, жол алшақтығына байланысты баға жоғары болып тұрған шығар. Дегенмен, өңірде 55 көмір сату орталығы жұмыс істеп тұр. Барлық көмір түрлері бар, – деді облыс басшысы Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz