Ресми

Күмәнсіз жеңіс

Неміс ойшылы Канттың бір ойланарлық сөзі есімде. «Дауыс беру қабілеті ғана азаматтың саналылығын айқындайды», — дейді. Күні кеше дүние жүзі Қазақстан халқының Президентін сайлау науқанына куәгер болды.

ҚР Президентінің сайлауы жоғары деңгейде өтті. Халықаралық және ұлттық заңнаманың қағидаттары мен негізгі талаптарына сәйкес келді.

Сайлауалды бағдарламасында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір азаматқа жете назар аудара отырып, елді ауқымды дамыту бойынша 170-тен астам міндеттерді айқындады. Басымдық — әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру! Бұл дегеніміз, өзара байланысты үш қағидатқа негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз: әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам. Әділеті жоқ елді әбілет басады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш сайланған сәттен бастап саяси реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Мұндай тағдыршешті саяси қадамдарға ол жоспарлы түрде барды. Нақты дәйектерге сүйенсек, Қоғамдық саясат институтымен сұхбаттасқан әрбір бесінші қазақстандық бір реттік Президенттік мерзім дұрыс деп санайды. Осылайша, респонденттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы бір рет қана сайлануы тиіс деген идеясын қолдайды. Айтпақшы, сауалнамаға сәйкес, 62%-ға жуығы осы жеті жылдық мерзімде кез-келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға болатынына сенімді.

Ендігі кезең халықтың мүддесін көздерлік бастамаларын ойдағыдай атқару үшін халықтың сенім мандаты қажет болды. Президентті таңдау — бұл елдің болашағын таңдау. Сайлау барысында еліміздің шешімі қисынды болды. Нақтыласақ, қоғам мен билік арасында конструктив бар. Елдің даму басымдықтары туралы біртұтас түсінік қалыптасуда. Нәтижесінде, қоғам мен биліктің ымырасын нығайта отырып, мемлекеттік құрылымдардың тұрақты жүйесін қалыптастыра отырып, біздің еліміз әлемдік тұрақсыздық межесінде қажетті иммунитет жиып алғанға ұқсайды.

Қазіргі уақытта геосаяси жағдайды ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің басында болуға тиіс адам деп санаймын. Оның өз мақсаттары, міндеттері, өз жоспарлары бар.

Республика серпінді экономикаға, сарабдал ғылым мен білімге еге. Ал, жолға қойылған сауатты дипломатияның арқасында ел әлемдік аренада беделді ойыншыға айналды. Қазақстан өзге елдермен, әсіресе, ықпалды өңірлік факторлармен өзара іс-қимыл қағидаттарын прагматикалық негізде қалыптастыруда. Сондықтан, республикаға тән көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізу тәжірибесі болашақта да өзінің тиімділігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Өткен президенттік сайлау Мемлекет басшысы белгілеген «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді одан әрі іске асыру үшін берік іргетас болып қаланады.

Қазақстан басшылығы бастамашылық еткен реформалар сын-қатерлер мен қиындықтарға қарамастан табысты іске асырылатынына сенімдімін.

Ақпарат ағынына көз салсаңыз, әлем елдерінің көшбасшылары жаңадан сайланған Президентімізді құттықтауда. Өз басым Қазақстан Республикасының азаматы ретінде халқымыздың тарихи таңдауына негізделген Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл жеңісін күмәнсіз жеңіс деп бағалаймын.

Марина ПЛАТОНОВА,

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Back to top button