Жаңалықтар

Күмәнді жарнама көбейіп тұр

Елімізде соңғы кездері интернет бойынша алаяқтық өршіп тұр. Бұл жағдайды қадағалауда ұстаған Қарағанды қаласының ІІБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі азаматтарды сақ болуға шақырып, алдын ала ескерту жасап отыр.

«OLX.kz», «Сландо.kz», «КОЛЕСА.kz» интернет желілерінде хабарландыру орналастырып, жалған мәліметтер мен телефон нөмірлерін көрсетіп жүр. Қаскөйлер азаматтармен байланысып, «KIWI» кошелек арқылы тауар үшін ақша қаражаттарын жолдауларын сұрайды, сондай-ақ, олардың берген карталық шоттары мен мекен-жайлары бір реттік, тек ақшалай қаражаттарды шешіп алу үшін ғана арналған. Азаматтар өздерінің алданып қалғандарын түсінбестен, тауарды алмай жатып, ақша аударады. Алаяқтардың белсенді жұмыс істеп жатқандарын жарнама сайттарының иелері де байқап отыр. Мынадай тағы бір мысал. Әдетте клиенттерді алдағысы келетін сатушы «шет елге көшіп бара жатырмын» деген желеумен тауарды екі есе арзан бағаға ұсынады. Хабарласқан барлық клиенттерге өзінің картасына кепілпұл жіберуін сұрайды, ақшаны алған соң ол зым-зия жоқ болады. Автокөліктерге тапсырыс берген ірі кәсіпорындарды, шағын кәсіпкерлер болсын, осындай жолмен тақырға отырғызып кетеді.

Алаяқтық қылмыстан сақтану өте оңай. Ең бастысы саналы болып, қырағылық таныту қажет. Бейне байланыстар арқылы (WhatsApp, Skype және басқа байланыс құралдары) сатушыны қайта-қайта тексеріп, құжаттарының (жеке куәлік) болуын талап ету керек.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button