Жаңалықтар

Көлік жолы – Бақылауда

  Облыс әкімінің орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ бейсенбіде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бірлескен кеңесін өткізді.

Мемлекеттік сәует-құрылыс басқармасының басшысы Т.Досаев, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысы А.Санаубаров салалардың қазіргі ахуалы мен алдағы жоспарын баяндады. Кеңеске «Қазавтожол» АҚ ҚФ директоры К.Шаймин, «Қарағанды облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы» РММ басшысы М.Конерказов, «Казахавтодор» РМК Қарағанды облыстық филиалының басшысы Г.Мұқанов, «Қарағандыжоллаборатория» РММ басшысы М.Ахметқалиев қатысты. Сондай-ақ, техникалық қадағалау сарапшылары да шақырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арқылы 195 лицензия мен оларға қосымша, сарапшыларға 221 аттестат берілген.

Жол саласында өткен жылы жалпы пайдаланыстағы 559 шақырым жол жөнделген. Оның 232 шақырымы республикалық маңызы бар автокөлік жолы (қайта жөндеу – 93 шақырым, күрделі жөндеу – 23 шақырым, орташа жөндеу –116 шақырым). Облыстың маңызы бар автокөлік жолдарының 172 шақырымы жөндеу көрген. Таратып айтқанда, 9 шақырымы – қайта жөнделсе, 2 шақырым мен 1 көпір күрделі жөндеуден өткен. Ал, орташа жөнделгені 160 шақырым жол.

Мақсатты трансферттер бойынша аудандар мен қалаларда 29 шақырым жол жөнделген екен. Қарағанды қаласында ол көрсеткіш – 48 шақырым.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жергілікті және республикалық бюджеттен 33 шақырым жол қалыпқа келтірілген.

Облыс әкімінің орынбасары аталған салаларда жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қысқы жол күтімін де назардан тыс қалдырмады. Атап айтқанда, қар күреу, оны шығару ісі де қатаң бақылауда болмақ.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button