АймақЖаңалықтар

Көлік ұрысы құрықталды

Қарағанды және Павлодар облысы полиция қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының арқасында көлік ұрысы қолға түсті.

Сурет: inkaragandy.kz

Қарағанды қалалық полиция басқармасына 49 жастағы қала тұрғыны көлігінің ұрланғанын айтып арызданған. Белгілі болғандай, таңертең ер адам көпқабатты үйдің артына түнде қалдырған көлігінің жоғалып кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады. Ұрланған көлікке қатысты нұсқау дереу Қарағанды облысы полиция департаментінің барлық бөлімшелеріне және көршілес облыстардың полиция департаментіне жіберілді. Бірнеше сағаттан кейін Павлодар облысының жол полициясы қызметкерлері Екібастұз ауданындағы ауылдардың бірінің маңында 32 жастағы ауыл тұрғыны мінген көлікті ұстады. Ол бөтеннің көлігін ұрлағанын мойындады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button