Аймақ

Көлік өрті тыйылмай тұр

Қарағанды облысында қазан айынан бері 17 көлік өртенген. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді.

Сурет: төтенше жағдайлар департаментінен

Жанғыш материалдардың болуы, жанғыш ортаның пайда болуына қолайлы жағдайлар, сондай-ақ тұтану көздері сияқты факторлар көлік өртінің қаупін туғызады.

Кейде өрттің себебі электр сымдарының тұйықталуынан және көлік бөлшектерінің жоғары температурасынан болуы да мүмкін. Сонымен қатар, көліктерді өртеп кету фактілері де көбейген.

Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ халық арасында «Қауіпсіздік мәдениетін» қалыптастыру үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

Мамандардың айтуынша әрбір көлік көлемі кемінде 2 литрлік жұмыс істейтін өрт сөндіргішпен жабдықталуы керек. Сонымен қатар, сіз оның қалай жұмыс істейтінін білуіңіз керек. Жолда көлігіңіз өртенсе, автокөлікті тоқтатып, мүмкіндігінше аккумулятордан токты ажыратып, «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметке хабарласыңыз.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button